00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ертең еліміздің баcым бөлігіне тұман түседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ертең еліміздің баcым бөлігіне тұман түседі
ашық дереккөз

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен еліміздің батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанды.

Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша тұман түседі, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Астана қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23°С, күндіз -10-12°С болады.

Алматы қаласында желдің күші – 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде  -7-9°С, күндіз +1+3°С болады.