00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атышулы кәсіпкер Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Атышулы кәсіпкер Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды
ашық дереккөз

Choco холдингінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры, кәсіпкер, Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы Полиция департаменті мәлім еткендей, Рамиль Мухоряповтың ісі бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздықты қоздырғаны туралы деректі тексеру үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті, - деді Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы айтқан мәлімдемесі қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын.