Қазақстандағы 90 млн гектар ауылшаруашылық жері эрозияға ұшыраған – министр
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда жер иелерінің немқұрайлылығы мен жауапсыздығы салдарынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асыпты. Ал оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшырап, мүлдем жарамсыз күйге түскен.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп, жердің одан әрі тозуын болдырмау, әсіресе елді мекендердің маңындағы жем-шөп алқаптарын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді