00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ер адам бұрынғы әйелін боқтағаны үшін 40 сағат қар күрейтін болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ер адам бұрынғы әйелін боқтағаны үшін 40 сағат қар күрейтін болды
ашық дереккөз

Өскемендік тұрғын бұрынғы әйелін боқтағаны үшін 40 сағат қар тазалайтын болды, деп хабарлады Elorda.info.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, 42 жастағы тұрғын бейнебайланыс арқылы бұрынғы әйеліне хабарласқан. Ер адам сөйлесу кезінде бұрынғы әйелін боқтап, балағат сөздер айтқан. Жәбірленуші әйел полицияға арыз түсірген. Осылайша, іс сотқа жетті.

Өскемен қалалық №2 соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігі (қорлау) бойынша кінәлі деп таныды.

Ер адам жәбірленуші әйелге 100 мың теңге мөлшерінде моральдық залал төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілді.

Сот шешімімен айыпталушы қала аумағында 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, көшені қардан тазалайды. Қазіргі уақытта ол Өскемендегі негізгі көшелерде жұмыс істеп жүр, - дейді Өскемен қалалық Пробация қызметі бастығының орынбасары Сымбат Ботаев.