22 мыңнан астам ресейлік Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Биыл 22 мыңнан астам ресейлік Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек министрлігінің басшысы министрлік Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың есебін тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті.
Биыл Қазақстанда 14 мың шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын төлейді. Ал Ресей азаматтарына келетін болсақ, 22 мыңнан сәл астам адам міндетті зейнетақы жарнасын аударады, - деді министр Тамара Дүйсенова.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді