00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемдік компьютерлер нарығы 12,8 пайызға қысқарды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлемдік компьютерлер нарығы 12,8 пайызға қысқарды
ашық дереккөз

Сұраныстың төмендеуіне инфляцияның жоғарылауы, пандемиядан кейін экономиканың құлдырауы әсер еткен, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қытайдағы локдаун әсерінен бөлшектерді жеткізудің кешігуі, геосаяси жағдай алдағы жылдары да дербес компьютерлер мен планшеттерге сұранысты азайтады.

Айта кетейік, компьютер өндіру бойынша әлемде 600 млрд доллардың өнімін экспорттайтын Қытай мен 160 млрд доллардың өнімін сататын АҚШ көш бастап тұр. 

ТОП-5-елдер қатарына Германия, Нидерланды мен Оңтүстік Корея да кіреді.

Қазақстан да компьютер шығарады. Біздің елімізде 2020 жылдың қаңтарында 538 цифрлы техника өндірілді.