00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана мен Алматы ауасы ең лас қалалар тізіміне енді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана мен Алматы ауасы ең лас қалалар тізіміне енді
ашық дереккөз

“Қоршаған ортаға барынша әсер ететін ірі өндірістік компаниялардың қызметін экологиялық бақылау" туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов ауасы лас қалалар тізімін жария етті, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша, 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполисте, 9 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде. Бұл – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Өткен жылы мұндай қалалардың саны 10 болған еді. Алайда, осы жылдың басында "жоғары" деңгейден "орта" деңгейге өткен Жезқазған қаласы тізімге енбеді, - дейді Зұлфұхар Жолдасов.

Оның айтуынша, еліміздің экологиялық ахуалына, ең алдымен, бизнес қауымдастық әсер етеді. Өйткені қоршаған ортаға кез келген өндіріс өмір бойы әсер етеді. Су объектілері, топырақ, ауа, өсімдік және жануарлар әлемі тигізген зиян, кез келген кәсіпорынның айыппұлға ілінуіне ықпал етуі мүмкін. Дегенмен қазір кәсіпорындар жасыл экономикаға бет бұрып келеді.

Өйткені табиғатты қорғау тәуекелдері – бизнес беделіне әсер етеді, - дейді экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.