00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі ашылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі ашылды
ашық дереккөз

Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлады, Elorda.info ИИДМ-ге сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады.


Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.