00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда құжат рәсімдеу жеңілдетіледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда құжат рәсімдеу жеңілдетіледі
ашық дереккөз

Үйдің техникалық құжатын Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Бұл жөнінде Қонаев қаласында халықпен кездесуінде Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес көпбалалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құр-бандарына, 1 және 2 санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру тегін көрсетіледі. Бұл қызметке 10 ай ішінде Алматы облысында алты жарым мың азамат жүгінген. Дегенмен облыстағы сот орындаушылары мен адвокаттардың жұмысында кемшіліктер бар, - деді министр.