Жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады
Төртінші ұялы байланыс операторы Қазақстанда осы жылдың соңына дейін пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша жыл соңына дейін радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр.
Оған ниет білдірген барлық компания қатыса алады.
Алдағы аукционға қатысу туралы шешім ұялы байланыс нарығының белсенді қатысушыларының өздеріне байланысты, - деп нақтылады агенттіктен.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта радиожиілік спектріндегі аукциондар өткізілмейді. Нәтижесінде, агенттіктің мәліметінше, компания ұялы байланыс операторы мәртебесінсіз жиіліктерді сатып ала алмайды, ал бұл жағдай жиіліктердің болмауына байланысты орын алуда. Аукцион осы келеңсіз шеңберді реттеуі тиіс.
Төртінші оператор рөліне ең ықтимал кандидаттардың арасында «Транстелеком» операторы бар.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ұялы байланыс нарығында үш оператор жұмыс істейді: Kcell, Tele2, Beeline.