00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Көліктің орындығын қаптаймыз»: Шенеуніктер бюджеттен 3 миллион теңге жұмсамақ болған

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Көліктің орындығын қаптаймыз»: Шенеуніктер бюджеттен 3 миллион теңге жұмсамақ болған
ашық дереккөз

Қарағанды қаласының әкімдігі көліктерінің орындығын қаптайтын қапты 3 миллион теңгеге жуық қаржыға сатып алмақ болған, деп хабарлады Elorda.info «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот көпшіліктің ашуын тудырды. Жұрт шенеуніктердің автокөлік жамылғысының құнын тым асыра бағалағанын сынға алды. Осыдан кейін тексеріс жүргізген құзырлы орган, 2 миллион 900 мың теңгеге жасалған тапсырысты бірден жойғызған. Себебі, авточехолдардың бағасы нарықтағыдан тым қымбат деген. 

Техникалық ерекшелікке назар аударсақ, заманауи стильде болуы және әр көліктің дизайнына сәйкес келуі қажет. Отыру арналған матасы иіссіз, тозуға төзімді, бояуы берік болу керек. Сондай-ақ жылу өткізгіштігі мен желдетілуі жақсы болған абзал делінген. 

Ал осы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысының ішкі саясат бөлімі осындай лот жариялады, онда автоқораптың бір жиынтығы үшін жұмыс құны небәрі 95 мың теңгені құрады. 

Осыған байланысты және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану қажеттілігіне сүйене отырып, бұл сатып алу тоқтатылуы тиіс. 

Прокурорлардың ескертуінен кейін біз ол лотты жойдық. Мемлекеттік сатып алумен айналысқан бөлім басшысы мен бас маман қатаң түрдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – дейді Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.