00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Google аудионы мәтінге ауыстыратын смартфон ойлап тапты

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Google аудионы мәтінге ауыстыратын смартфон ойлап тапты
ашық дереккөз

Жаңартылған Pixel 7 және Pixel 7 Pro моделі Google Tensor G2 процессорымен соңғы үлгідегі Android операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Смартфондарға Google-дың ең озық интеллектуалды жетістігін қолданған, деп хабарлады Elorda.info blog.google –ге сілтеме жасап.

Pixel 7 және Pixel 7 Pro жинақы дизайнда жаңа функциялармен ұсынылды. Жаңа смартфондар әдемі өңделген алюминий жақтауымен және камерамен ерекшеленеді.Tensor G2 көмегімен компания смартфонды одан да ақылдырақ ету үшін тілді түсінуге қатысты сипаттамаларды жақсартты. Дауысты тану технологиясының арқасында Google Messages қолданбасы аудио файлдарды жазбаша мәтінге ауыстыра алады.

Pixel 7 бағасы 599 доллар, ал Pixel 7 Pro 899 доллардан басталады. 14 қазаннан бастап телефондар АҚШ-тың ірі операторлары арқылы сатыла бастайды. Жаңа смартфондар алғашқы болып Дания, Нидерланды, Норвегия және Швецияда қолжетімді болады.