00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада есірткіге тәуелді 6 кәмелетке толмаған жеткіншек бар

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада есірткіге тәуелді 6 кәмелетке толмаған жеткіншек бар
ашық дереккөз

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ресми статистика бойынша Психикалық денсаулық орталығында 1195 адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 6 кәмелетке толмаған жеткіншек бар. Бірақ бұл ресми статистика. Бейресми статистиканы шығару үшін осы санды 5-ке көбейту керек деген пайымдар бар, - деді С.Ильиных.

Департамент өкілінің айтуынша, синтетикалық есірткі саудасы интернет арқылы іске асады.

Бір топ оның жарнамасына жауапты болады. Олар синтетикалық есірткінің қандай түрін қай орындардан алуға болатынын, бағасын жабық мессенджерлер арқылы жарнамалайды. Тағы бір топ есірткі әзірлеумен айналысады. Енді біреулер дайындалған есірткіні белгіленген орындарға жасырады. Сондай-ақ есірткі саудасынан түскен заңсыз ақшаны заңды айналымға шығаруға жауапты бухгалтерия бөлімі болады. Бұл 4 зертхананы да осындай ұйымдасқан топтар ашқан. Олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол сотта қаралып жатыр, - деді департамент өкілі.