00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекетке опасыздық жасаған Шайхутдинов 7 жылға сотталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекетке опасыздық жасаған Шайхутдинов 7 жылға сотталды
ашық дереккөз

Мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтағанын және үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info.

ҰҚК-нің мәліметінше, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) Қылмыстық кодекстің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырған. Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1 бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (Қылмыстық кодекстің 176-бабы – тыңшылық) кінәсі де толық дәлелденген. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шетелдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводағылар.