00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

24 жастағы азамат екі әріптесінің атына қаржылай несие рәсімдеген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
24 жастағы азамат екі әріптесінің атына қаржылай несие рәсімдеген
ашық дереккөз

24 жастағы Ақсу тұрғыны екі әріптесінің атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарлық екі азамат несиелер бойынша банктер өтем талап етіп жатқанын айтып, полицияға шағымданады. Өйткені  олар банктен ешқандай ақша алмаған.

Күдікті әлдебіреуге хабарласу үшін әріптестерінің ұялы телефондарын сұрап алып, артынша несие рәсімдеген. Әріптесінің біріне 2,7 млн теңге сомасына тауарлық несие, екіншісіне 1,1 млн теңге сомасына ақшалай несие рәсімдеген. Банк несие беруді мақұлдағаннан кейін ол қолма-қол ақшаны өз шотына аударып алған, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта 24 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.