Елімізде 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды – министр
Бұл туралы Цифрлық даму-инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Elorda.info.
21 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін шамамен 70 мыңға жуық Ресей азаматы бейрезидент ЖСН-ын алған, - деді министр.
Сондай-ақ ол шетелдік азаматтарға ЖСН не үшін берілетінін түсіндірді.
Көптеген адамдар ЖСН банк картасын алу үшін қажет деп ойлайды. Біз үшін, мемлекет үшін бұл келушілердің елде болуын, тіркелуін, жүріс-тұрысын, барлық іс-әрекетін қадағалау маңызды. Яғни, біз оларға нақты бір нөмір беріп, барлық деректерде сәйкестендіреміз. Қайда барғанын, қандай қызмет алғанын, қанша айыппұлы бар екенін көреміз. Яғни біздің міндетіміз – оларды ІІМ картасына енгізу ғана емес, қадағалаушы органдарымыздың оларды бақылай алуы. Сондықтан, ЖСН – ел азаматтығын айғақтайтын нөмір емес, сәйкестендіруші құрал, - деді Б.Мусин.