Автокөлік нөмірінде жаңа элементтер пайда болады – министрлік
Еліміздегі автомашиналардың нөмірлік белгілерінің арнайы элементтері болуы тиіс, деп хабарлады Elorda.info Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандартында бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы тиіс нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған. Стандартты ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті. Ал 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ Or-кодты нөмірлік белгіні химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен жою мүмкін емес және № нөмірлік белгінің барлық пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс.
Бұдан басқа, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтынын хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада.