00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне Түркия 1,5 млн гүл жібереді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
ІІ Елизаветаны жерлеу рәсіміне Түркия 1,5 млн гүл жібереді
ашық дереккөз

Түркия Ұлыбританияға II Елизавета патшайымды жерлеу рәсімінде пайдалану үшін кем дегенде 1,5 миллион гүл жібереді, деп хабарлады Elorda.info Hurriyet.com сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбритания тарапынан сұраныстың күрт артуы байқалады. Әдетте осы кезеңде біз британ нарығына апта сайын 600-700 мың гүл жібереміз, бірақ Елизавета патшайымды жер қойынына табыстау кезеңінде бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетеді деп есептеп отырмыз, – деді Анадолы сәндік өсімдіктер мен өнімдерді экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Исмаил Йылмаз. 

Гүл жеткізуді тездету үшін дәстүрлі жүк көліктерінің орнына Ұлыбританияға әуе арқылы тасымалдана бастаған.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы II  Елизавета 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтеді.