00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде күзгі салқын ауа райы әлі де сақталады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде күзгі салқын ауа райы әлі де сақталады
ашық дереккөз

«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылғы 14-16 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік жартысына әлі де Солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Салдарынан республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады. 

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. 15 қыркүйекте қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді.

15-16 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.