00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәурен» лагеріне аттанып жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәурен» лагеріне аттанып жатыр
ашық дереккөз

Қостанайдағы өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен отбасылардың балалары «Балдәуренге» аттанып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мұнда олар білім алады әрі емделеді. Қазірдің өзінде 11 оқушы лагерьге орналасқан.

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне келе бастады. «Балдәуренге» Қостанай облысының тұрғын үйлері өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары аттанды. Лагерьге ата-аналарының келісімімен баспанасы бүлінбеген, бірақ қауіпсіздік мақсатында өрт қауіпті аймақтардан көшірілген отбасылардың балалары да келе алады, - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Сонымен қоса, Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға дайын екені белгілі болды.

Балаларға күнделікті мәселелерді шешкенге дейін осында сауықтырудан өтуге және лагерьдегі мектепке баруға ыңғайлы болады. Оларға қолайлы жағдай жасалған, - дейді Д.Жекебаев.