00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

24 жастағы әскери қызметші қайтыс болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
24 жастағы әскери қызметші қайтыс болды
ашық дереккөз

Сарбаз сапта кетіп бара жатып аяқ астынан құлаған. Жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

Медицина мамандары оған бірден көмек көрсеткен, сонымен қатар жедел жәрдем шақырды. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, сарбаз өліміне панкреонекроз себеп болуы мүмкін.

Әскери қызметшінің есімі Елсұлтан. Ол денсаулығына ешқашан шағымданған емес. Жыл сайын медициналық тексеруден өтті. Биыл 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Сол күні оның көңіл-күйі жақсы болды, тәжірибелік сабақтарға қатысты, - деді әскери бөлімнің командирі Жанат Омаров.