Елордада партия белсенділері марапатталды
Бұған Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов және БПҰ өкілдері және «Жастар рухы» ЖҚ жастары мен партия белсенділері қатысты.
1 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Кейін жеке пленарлық отырыс болады. Мұнда Конституциялық реформаның негізгі мәселелеріне қатысты 6 шұғыл заң жобасын қабылдайтын боламыз. Елімізде 5 маусымда республикалық референдум өткен болатын. ҚР Конституциясына енгізген өзгерістер мен толықтыруларды өзге де заңдарда бекіту қажет. Одан бөлек, тағы 16 заң жобасы бар. Барлығы 22 заң жобасын қабылдайтын боламыз. Қазіргі кезде депутаттардың аймақтарға жұмыс сапары аяқталып жатыр. Менде депутат ретінде күн сайын жұмыс бабымен түрлі кездесулерге барып тұрамын. Мәселен, бүгін қалалық партия активімен жиналыс өтті. Бұл – өте маңызды. Актив – біздің көзіміз және құлағымыз. Олар арқылы біз маңызды ақпараттарды аламыз. Кейін соларды шешу жолдарын қарастырамыз, - деді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев.
Сондай-ақ шара соңында Мәжіліс вице-спикері мен Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов партия белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.
Барша қазақстандықтарды алдағы Конституция күнімен құттықтаймын. Amanat партиясымен бірлескен топтармен, мүшелермен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол еңбегіміз бүгін бағаланып жатыр. Өздеріңіз көргендей, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Павел Казанцевтің қолынан алғыс хат алып жатырмыз. Елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеймін. Еліміз көркейе берсін, - деді Amanat партиясының белсенді мүшесі Нұрғали Кенжебаев.