00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

БЖЗҚ азаматтарды алданып қалмауға шақырды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
БЖЗҚ азаматтарды алданып қалмауға шақырды
ашық дереккөз

Өзін "БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын белгісіз адамдардың қоңырау шалу жағдайлары басталды. Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс, - деп жазылған хабарламада.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді.  Ал мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды. Ал егер мұндай жағдай болса, төмендегі заң тармақтарын еске салады.

  • "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.
  • "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңның 98-бабы 14-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды. Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес.  

Ал сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды.