22 мыңнан астам қызметкердің жалақысы 50 пайызға өсті
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның өңірлік филиалдары қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға көтерілді, деп хабарлады Elorda.info.
Корпорация таратқан ресми мәліметке сүйенсек, соңғы бір жарым жылда осымен үшінші рет жалақы өскен.
Қазіргі уақытта бір корпоративтік функцияларды орталықсыздандыру бойынша жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл филиал қызметкерлеріне сыйақыны дербес төлеуге мүмкіндік береді, - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Айта кетейік, қазіргі кезде мұнда 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Елімізде оның 20 филиалы бар.
Ұқсас жаңалықтар