00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтарды жиі ревакцинациядан өтуге итермелеп жатқаны рас па

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандықтарды жиі ревакцинациядан өтуге итермелеп жатқаны рас па
ашық дереккөз

Мәтін авторы бұған дейін дәрігерлер вакциналардың алғашқы екі дозасынан кейін иммунитет 3-5 жылға сақталады деп айтқан, бұған қарамастан әр алты ай сайын ревакцинациядан өту қажет. Бұл мәліметті Stopfake.kz жалған екенің анықтады.

Біріншіден, Қазақстанда мәжбүрлі вакцинация немесе ревакцинация жоқ. Бұл заңның барлық нормаларына қайшы келеді. Елімізде  COVID-19-ға қарсы вакцинация тек ерікті түрде хабардар етілген келісіммен жүргізіледі. Ал вакцинациядан кейінгі иммунитет 6-8 айға созылады. Сондықтан ревакцинация енгізу туралы шешім қабылданды, деп түсініктеме берді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, хабарламада ұсынылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ревакцинация ерікті болып табылады және COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін иммунитет 3-5 жыл емес, 6-8айға дейін сақталады.