00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Танымал отандық тауарлардың тізімі жасалады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Танымал отандық тауарлардың тізімі жасалады
ашық дереккөз

Институт халық арасында kazpatent деп танылған. Оның әлемде беделі бар. Ведомство жыл сайын өнертабысқа 600-700 патент береді. Сондай-ақ 6 мыңға жуық тауар таңбалады тіркеледі. Көлемі соншалықты көп болмаса да пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілері патенттеледі әрі авторлық құқық та тіркеледі. Бүгінде бізге өтінімдердің 96%-ы электронды түрде түседі, - деді Айдын Артықова.

Сонымен қоса, Айдын Артықова географиялық көрсеткіш ұғымына түсінік беріп, танымал отандық тауарлардың тізі жасалып жатқанын жеткізді.

Географиялық көрсеткіштерге тамақ өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдері, қолөнер заттары және тағы басқа тауарларды жатқызуға болады. Оның ең негізгі талабы – тауар шығарылған жердің атауын сол тауарға тіркеу. Осылайша, біз отандық өнімдерді әлемге танытамыз. Қазір географиялық көрсеткіштердің тізімін жасап жатырмыз. Мысалы, Алматының апорты, Көкшетаудың балмұздағы, Қызылорданың қауыны мен күріші және тағы басқа. Бұл да өңірлер арасындағы бәселестікті дамытуға мүмкіндік береді, – деді  Айдын Артықова.