00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың тоқтайтыны рас па

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың тоқтайтыны рас па
ашық дереккөз

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың фотосуреті тарады.

Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.