00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Астана» есімді керік 12 жасқа толғанын тойлап жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астана» есімді керік 12 жасқа толғанын тойлап жатыр
ашық дереккөз

«Астана» 2010 жылы 6 шілдеде Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген. 2011 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент зообағына көшті.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram-парақшасында жираф зообаққа келушілерді қуантып жүргенін жазды.

«Астана» биыл 12 жасқа толды. Ол жыл сайынғы дәстүр бойынша баршаны туған күніне шақырды. 5 шілде күні хайуанаттар бағында мерекелік жиын болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік жиын сәтті өтті және келушілерге тамаша көңіл-күй сыйлады.