00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
ашық дереккөз

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева Президент сыйлығы мен грантының иегерлерін, Алғысын  алған шығармашылық ұжымдарды құттықтады.

Президенттің өкімімен ҚР Президентінің сыйлығы «Qazaq radiosy» радиостанциясының бас редакторы Дулат Абибуллаевқа, «31 арна» телерадиокомпаниясының тілшісі Ерқанат Көпжасарұлына, «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Оксана Мягкихке және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджановқа берілді.