Жалған автобөлшек сатумен айналысқан топ ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Тергеу барысында 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшектері тәркіленді.
Жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден аса сомаға «Тойота», «Лексус», «Хюндай», «Хонда» тауар белгісі бар контрафактілік авто бөлшектер қоймасы жойылды. Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты соталды тергеу амалдарын аяқтады, – делінген хабарламада.
Қазір іс сотта қаралып жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылуын анықтау және адал бизнесті қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді