00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ғалымдар тұңғыш рет толықтай ыдырайтын эко-кроссовка жасап шығарды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ғалымдар тұңғыш рет толықтай ыдырайтын эко-кроссовка жасап шығарды
ашық дереккөз

Кроссовканы жасауға экологиялық пенополиуретан пайдаланылған. Аяқ киімнің беті толықтай өсімдіктектес талшықтардан тұратын 3D-трикотаждан тігілген. Соның арқасында аяқ киім толықтай ыдырайды.

Ғалымдар алғашқыда балдырдың майынан пластик дайындауды жоспарлаған. Алайда алғашқы биоыдырайтын полиуретан материалдар сапасыз болған. Бірақ кейінірек биологтар оларды тиімділігі жоғары материалдарға айналдырған.

Эксперимент көрсеткендей, мұндай кроссовка тозған кезде оның Soleic Foam атты полиуретан табаны кроссовканың үстіңгі бөлігіндегі матамен бірге топырақта, суда және қордалы бактарда ыдыраған. Салыстыру үшін айтсақ, табаны резеңкеден жасалған кәдімгі аяқ киімдердің ыдырауына ғасырдан аса уақыт кетеді.

Ендігі уақытта ғалымдар осы биокроссовканың өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр және ірі сән брендтері осы экологиялық идеяны қолдайтынына үмітті.