00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда тәтті сусын қымбаттайды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда тәтті сусын қымбаттайды
ашық дереккөз

Өндірушілер өз өнімдерінің бағасын ұстап тұруға тырысуда. Алайда бұл ұзаққа созыла алмайды, себебі негізгі ингредиент – қанттың бағасы өсіп жатыр. Сәйкесінше өндірушілер де тауарларын қымбаттатуға мәжбүр. Шамамен 7-20% аралығында деп ойлаймын. Қазір өндірушілердің көп бөлігі шығынды оңтайландыру жолдарын іздеп жатыр. Сонымен қатар жұмысшылар санын қысқарту да бар, – деді Алкогольсіз ішімдік өндірушілері ассоциациясының президенті Әлия Мамытбаева. 

Қант соңғы үш айда айтарлықтай қымбаттай түскен. EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, тек наурыз айында баға 33%-ға, бір жылда екі есеге өскен. 

Көктемнің басында ең қымбат қант Нұр-Сұлтанда сатылған. Мұнда тұтынушылар бір келісі үшін 450 теңге төлеген. Кейінгі орынға Алматы мен Қостанай орналасты. Ал ең арзан қант Тараз қаласында болды. 

Қазір Алматыдағы азық-түлік дүкендерінде қант 500-650 теңгеге сатылып жатыр. Шақпақ қанттың бір қаптамасының құны 1 000 теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ елде қант өндірісі де қысқарған. Отандық зауыттар қаңтар мен наурыз айларының аралығында 51 мың тонна қант өндірген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20%-ға аз.