00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бір апта ішінде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде бір апта ішінде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді
ашық дереккөз

Бір апта ішінде 3266 қылмыс жасалды, оның 2033-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 6 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын «ізін суытпай» ашқан, – деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен брифингте.