26-28 сәуір күндері ауа райы қандай болады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері ел аумағына антициклон келеді.
Бұл — жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді: күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25 градусқа дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 градус жылы, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады, - делінген хабарламада.
Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.
Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында құмды дауыл мен жел күшейеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді