00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Кірпік жапсырмаңдаршы, әйтеуір»: Алматы облысында «Ең сұлу қой» байқауы өткелі жатыр (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Кірпік жапсырмаңдаршы, әйтеуір»: Алматы облысында «Ең сұлу қой» байқауы өткелі жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Байқау туралы ақпарат «Вечерний Талдықорған» газетінде пайда болған.

«Ең сұлу қой – 2022» байқауына жануарды қатыстыру үшін иесі 10 мың теңге көлемінде міндетті жарна төлеуі керек. Байқаудың жалпы жүлдеқоры ең әдемі қойдың иесіне табысталады. 

Ал ең тартымды жануарды қазылар алқасы анықтайды. Байқаудың финалы шілде айында болады деп жоспарлануда.

Желі қолданушылары бұл хабарламаға қатты таңданды. «Араб әмірліктерінде де осындай байқау бар деп естігенмін», «Неге өткізбеске? Өте дұрыс!», «Байқау жеңімпазы жұлдыз болып, адам танымай кетпесе деңіз!», «Талқыорғандағы барлық сұлулық салондарында кезек босамайтын шығар», «Жеңісті жуу үшін сойып, шашлык жасайды», «Пластика жасатып, кірпік жапсырмаңдаршы әйтеуір», - деп жазып жатыр.