Елордада жаңа салынған тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)
Бұл жайт туралы хабарлама мен кадрлар Instagram әлеуметтік желісіндегі zhivem_v_astane тобында жарияланды. Үй тұрғындарының сөзінше, 22 наурыз күні Sat City тұрғын үй кешенінің С блогында подъездің гипсокартоннан жасалған төбесі опырылып түскен.
Ғажайыптың күшімен адамдар шығып үлгерді. Егер ол адамдардың үстіне құлап кетсе, олар қаза табуы мүмкін еді. Компания бекер дүрбелеңге салынғанымызды жеткізіп, бұның "жеңіл конструкция" екенін айтты. Ал конструкция қалың гипсокортоннан жасалған және оның салмағы 30 келіге жетеді, - делінген хабарламада.
Тұрғындар құрылысқа жауапты компаниядан тұрғын үй кешенін толық тексеруден өткізуді, қажет болған жағдайда төбесінің барлығын қайта жасауды талап етті.
Біз мұндай жағдайларда не істеу керектігін білеміз, - деп қысқа қайырды компания.