«Әже атандым»: Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышымен бөлісті (ВИДЕО)
Достар, күшті жаңалығыммен бөлісейін бе? Тренировкадан үйге келсем… Қатты қуанып тұрмын. Сондай тәтті… – деді актриса.
Бұдан соң ол өзінің мысығы мен марғауларын көрсетті.
Оқи отырыңыз: ”Енем ренжіп қалады деп...”: Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт үшін өмір сүрмейтінін айтты (ВИДЕО)
Бәсе, бүгін таңертеңнен бері мияулап, қасыма келіп қоймайды. Сөйтсем менің Карамель қызым ана атаныпты. Ал мен әже атандым, – деді Әбдікәрімова қуанышын жасыра алмай.
Актрисаның оқырмандары мысықтың күнтізбедегі әдемі күнді таңдап балалағанын жазды.
Тағы да оқи отырыңыз: ”Шыдай түс...”: Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды (ВИДЕО)
«02.02.2022. Құттықтаймын, күшті датада босаныпты», «Бүгін кім туады деп отыр едім», – депті актрисаның оқырмандары.
Актриса марғаулардың екі ай анасымен болуы керектігін, содан кейін алам деп кезекте тұрған жақсы адамдарға тарататынын айтты.