00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық полицей Ресейде «Жыл ақыны» атанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық полицей Ресейде «Жыл ақыны» атанды
ашық дереккөз

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ПД өкілі Елена Кашарина таратты.  

Қостанай облысы Рудный қалалық Полиция басқармасының қызметкері 2021 жылдың «Жыл ақыны» ұлттық әдеби сыйлығының номинанты атанған. Бұл туралы Ресей Жазушылар одағының президиумы хабарлаған. Іс-шара орыс жазушысы Федор Достоевскийдің туғанына 200 жыл толуына арналған. Номинанттар орыс әдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталған.

Полиция майоры Талғат Нұрғалиев Стихи.ру сайтына 60-тан астам өлең шығарған. Оларға бірегей нөмір мен кодтар берілген. Біраз уақыттан кейін олар Талғатқа «Жыл ақыны» ұлттық әдеби сыйлығына ұсынылғанын және оған конкурстық альманахта шығармалар шығару құқығы берілгенін айтқан.

Талғат - Денисов ауданы Баталы ауылының тумасы. Поэзияға бала күнінен құштар болған. Үйде әкесі Сабыртай Сантайұлы балаларға өлең оқиды екен. Әдебиет және орыс тілі мұғалімі Валентина Александровна Беспалова да поэзияға деген сүйіспеншілігін оятқан. Талғат мектепте әр түрлі шығармашылық байқауларға қатысыпты.

Мен үшін мұндай жаңалық күтпеген жағдай болды. Менің шығармашылығым осылай бағаланады деп күтпеген едім. Бұл менің шығармашылығымның жаңа кезеңі болады деп үміттенемін. Өлеңде өзімнің барлық сезімімді, шығармаларымды жұмыстан бос уақытта жазамын, - дейді полицей.

Сондай-ақ Талғат Нұрғалиев 12 жасынан бастап КСРО төсбелгілерін жинаумен әуестенеді, топтамасында мыңнан астам әр түрлі төсбелгі бар.