00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыдағы тәртіпсіздікке байланысты мың жарымға жуық қылмыстық іс тіркелді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыдағы тәртіпсіздікке байланысты мың жарымға жуық қылмыстық іс тіркелді
ашық дереккөз

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтың сөзінше, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері 1 481 қылмыстық істі тіркеді. Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау – 1 213, бөтеннің мүлкін қасақана жою – 46, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша 41 іс бар.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 144 атыс қаруы мен 8 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Наразылық акциялары кезінде қылмыстық элементтермен Алматы қаласының аумағында орналасқан 1 602 объектіге шабуылдар жасалып, дүние-мүліктер талқандалды. Қазіргі уақытта ПД тергеу бөлімшелері бүлінген объектілердің жалпы санының 97%-ын тексеріп шықты. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында, - деді Р. Абдрахманов Instagram-дағы парақшасында.