00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды
ашық дереккөз

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Целиноград ауданының Криминалдық полиция қызметкерлері Ақмол ауылында ҚР ҚК 346-бабы 5-бөлігі «көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша іздестіріліп жатқан күдікті қолға түсті. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Щучье қаласының аумағында ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша Жамбыл облысы полиция департаментінің Меркі аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатқан қылмыскерді ұстады. Қазіргі кезде ұсталған адам қамауға алынды, - делінген хабарламада.