1403 байланыс орталығы: өткен аптада 15 мыңнан астам өтінім түскен


9-15 маусым аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 15 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 2 527 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 11 470 қоңырауға жауап берді.
Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы азаматтардың өтінімдері қабылданды.
«Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Павлодар және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды»,- делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:
- 1403 байланыс орталығы;
- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot)
- WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).



