00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 100-ден аса адам пойыз астына түскен

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл 100-ден аса адам пойыз астына түскен
ашық дереккөз

Жыл басынан бері көліктегі полицейлер пойызды шұғыл тоқтатуға қатысты 2 482 факті тіркеді. Оның ішінде теміржолда адамдардың болуына байланысты – 504, малдың жүруіне байланысты – 1 884 жағдай анықталған.

«Қостанай облысы «Қойбағар-Құсмұрын» өткелігінде «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы 2 жылқыны басып кетті. Осыған байланысты малдың иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабы 1-бөлігі (Темiржол арқылы мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Пойыз 45 минут бойы тұрып қалды», - деді Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, есептік кезеңде белгіленген жерлерде теміржолды кесіп өткені үшін 25 112 адам жауапқа тартылған.

«Осы жылдың 11 айында елде 108 азамат пойыз астына түскен, олардың жартысынан көбі мерт болды», - деп атап өтті ведомство басшысы.