00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жалған ақпарат: Тараздағы оқиғада өрт сөндірушілер шатастырылған

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жалған ақпарат: Тараздағы оқиғада өрт сөндірушілер шатастырылған
ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, оқиға орнына жеткен құтқарушыларға отқа жоғары температурада жай ғана жанып кететін және жарылмайтын тротилді сақтаудан басқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп айтылған. Яғни, шындыққа жанаспайтын ақпарат беріледі.

«Өрт сөндірушілердің негізгі міндеті – өртті сөндіру және ары қарай таралуына жол бермеу. Бірақ өрт ошағына шығардың алдында барлау жасалып, нысан иесінен жарылыстың қаупі туралы ақпарат алынады. Дәл сол жерде нысан басшылығы да, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы да тротилден басқа ештеңе жоқ деп мәлімдеген. Тротил жоғары температурада жанып кеткенімен, ол жарылмайды. Бұдан басқа ешқандай қауіп болмаған», – деді Ильин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, қажетті ақпарат алынғаннан кейін өрт сөндіру қызметінің Жамбыл облыстық горнизоны көрші тұрған қоймаларға су шашуға кіріскен.

«Бірақ тергеушілер қоймадағы тротилдің детонациясын анықтады. Содан жарылыс болған. Енді кінәлі адамдарды сот анықтайды. Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Біздің қызметкерлеріміз де жарылыстың себебін анықтауға көмектесіп жүр», – деп атап өтті Ю.Ильин.

Осылайша, Төтенше жағдайлар министрі жауапкершілікті Қорғаныс министрлігіне жүктеді.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болды. Оқиға салдарынан барлығы 17 адам қаза тапса, оның 10-ы құтқарушылар. Құрбандар саны 90 адамнан асты.