Биыл ұлттық парктер аумағынан мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған
Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман заңнамасы саласындағы талаптарды бұзғаны үшін лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін күшейту ұсынылады.
«Мысалы, бүгінгі таңда басты мәселе – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қатты тұрмыстық қалдықтармен ластау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында 2021 жылдың 9 айында ЕҚТА-да санитарлық нормаларды сақтау бойынша 1 863 рейдтік іс-шара өткізілді. Барлық ұлттық парктер бойынша орманды қалдықтармен ластау фактісі бойынша 118 бұзушылық анықталды. Осы кезеңде ұлттық парктер аумағынан 779 мың адам қатысқан 978 тонна қоқыс шығарылды. Табиғатқа ұқыпты қарауға қатысты халықты түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, алайда түсіндіру, насихаттау шаралары жеткіліксіз. Осыған байланысты, ӘҚБтК-нің 372-бабының 4-бөлігінде орманды қалдықтармен, химиялық заттармен ластағаны және орман қоры жерлеріне өзге де залал келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылуда, өйткені қолданыстағы санкциялар тиімсіз болып табылады», - деп атап өтті Д.Тұрғанбаев.