00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сандық теледидарға қалай қосылуға болады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сандық теледидарға қалай қосылуға болады
ашық дереккөз

         Теледидар DVB-T2 стандартында жұмыс істейтінін қалай білуге болады?

Ол үшін нұсқаулықтағы техникалық сипаттамалар бөлімінде сандық стандартты қолдау элементін іздейсіз. Онда – DVB-T / T2 MPEG-4 деп жазылуы керек. Ғаламтордағы іздеу өрісіне өзіңіздің теледидар үлгісін енгізесіз. Пайда болған бетте «барлық сипаттамалар», әрі қарай «сигналды қабылдау» тармағын іздейсіз. Егер сіздің теледидарыңыз цифрлық эфирлік стандартты қолдаса – DVB-T / T2 MPEG4 жазылуы керек.

Көптеген жаңа теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдайды. Егер сіздің теледидарыңыз 2013 жылдан ертерек шығарылса, DVB - T2 сандық қабылдағышын сатып алу керек. Оны ресивер немесе теледидар тюнері деп те атайды. Сондай-ақ, дециметрлік антенна қажет. Ресиверді қосу арқылы антеннаны орнату оңай.

Ол үшін:

- дұрыс антеннаны таңдаңыз;

- қажетті опциялар жиынтығы бар теледидар тюнерін таңдаңыз;

- қосылу схемасына сәйкес коммутация жасаңыз.

Қай антеннаны таңдау керек?

Бөлме және көше антенналары болады. Тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бірігіп бір антеннаны үйге қоя алады. Қаладағы жеке үйлерде сіз бөлме антеннасын қолдана аласыз, бірақ теледидар мұнарасы тікелей көрінуі керек. Телемұнарадан алыс орналасқан үйлердің тұрғындары үшін көше антеннасы қолайлы.

 Сандық теледидар үшін қай ресиверді таңдау керек?

Ресиверлерге таңдау өте үлкен, бірақ цифрлық теледидарды қосу үшін бір ғана факт маңызды - DVB-T2 стандарты. Ресиверлер қосылу тәсілімен (RCA, HDMI,SCART және т.б.), сондай-ақ қосымша опциялармен ерекшеленеді. Құрылғының толық жиынтығына қуат көзі, қашықтан басқару пульті, нұсқаулық кіреді. Қуат көзі сыртқы немесе кіріктірілген болуы мүмкін. Сыртқыны сынған жағдайда ауыстыруға болады, кіріктірілген – практикада тұрғысынан аз қолданысқа ие.

         Антенна мен DVB - T2 сандық құрылғысын қалай орнатуға болады?

Ең алдымен, ең жақын мұнараның орналасқан жерін анықтау керек. Ол үшін онлайн қызметтерді пайдаланыңыз. Сізге ең жақын ЦЭТВ тарату нүктесін www.tsetv.kz сайтынан табуға болады. ЦТВ қамту картасын қолдана отырып, сіз өзіңіздің аумақта таратылатын арналар пакетін көре аласыз, қасында - хабар таратады, күтеді деген секілді статусы көрсетіледі. Осыдан кейін антеннаны бекіту орны мен тәсілін анықтаңыз. Тарату сапасын жақсарту үшін көше антенналарын сигнал көзіне бағыттау керек. Антеннаны балконға немесе терезе жақтауына бекітіңіз. Әрі қарай кабельді цифрлық қабылдағышқа дейін өткіземіз.

Антеннаны сандық ресиверге қалай қосуға болады?

Теледидарды желіден өшірген соң бір ұшы қабылдағышқа, екіншісі теледидарға жалғанған RCA немесе HDMI кабелін қосамыз.

Одан кейін теледидардағы AV, HDMI сигнал көзін таңдаңыз. Ресивердің мәзір терезесі пайда болуы керек. Пультте бұл батырма SOURCE, TV/VIDEO, INPUT деп аталуы мүмкін. Қабылдағыштың пульті арқылы MENU батырмасын басыңыз.

Мәзір элементтерінен «ІЗДЕУ» батырмасын таңдап, «қолмен іздеу». UHF (DMV) диапазонын орнатуды ұмытпаңыз. Содан кейін сіз қуат және сигнал сапасының көрсеткіштерін көресіз.Антеннаны әртүрлі бағытта бұрыңыз, идеалды позицияны таңдап, антеннаны бекітіңіз. Мәзірде «ІЗДЕУ» — «Авто іздеу» таңдаңыз. Арналар автоматты түрде орнатылады.

Айта кетерлік жәйт, «Қазтелерадио» АҚ цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға арналған қондырғыны сатумен айналыспайды. www.tsetv.kz ресми сайтында аймақтар бойынша дилерлер тізімі жарияланған. Кез келген азамат өзіне қажетті дилерді таңдай алады. Қосымша сұрақ туындаған жағдайда «Қазтелерадио» АҚ call-орталығына келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:

- 2 581 500 (Алматы қаласының тұрғындары үшін)

- 193 (үй телефонынан аймақтық қоңыраулар тегін)

- 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан ақысыз қоңырау)