00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Параны папка арқылы алған шенеунік ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Параны папка арқылы алған шенеунік ұсталды
ашық дереккөз

Оған ақшаны Петропавлдағы жеке емханалардың бірінің директоры беріпті. Ол ақшаны өзінің емдеу мекемесіндегі жас мамандарға материалдық жәрдем алуға ұсынған.

Айта кетсек, Айнагүл Қарабаева басшылық ететін медициналық мекемеге жолдамамен 3 бірдей жас дәрігер жіберілген. Бірақ оларға қосымша материалдық қолдау қарастырылмаған. Сондықтан Қарабаева денсаулық сақтау басқармасының басшысынан бұл мәселені облыс мәслихаты деңгейінде шешуге көмектесуді сұраған. Ал Қабдрахман Сақтағанов оған уәдесін береді. Сол үшін әйел оған 200 мың теңге әкеп берген.

Ақыр соңында екеуі де ірі көлемде айыппұл арқалады. Яғни пара алушы 6 миллион теңгедей, ал оны беруші 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Жұмыс папкасының арасына 200 мың теңгесі бар конвертті салып берген. Әрі бұл туралы ескерткен. Бірақ Сақтағанов заңсыз әрекетті тоқтатуға тырыспапты. Керісінше, әйел шығып кеткеннен кейін қызығушылық танытып, конверттің ішіндегі ақшаны санап алған», - дейді прокурор Асылбек Қоңыратов.