XPeng компаниясы ұшатын автокөлік жасап шығарды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Көлік HT Aero деп аталады.
Седан формасында көлікте үш есік, екі орындық, электр қозғалтқыш және ұшуға арналған винттер бар. Көлік автопилот жүйесімен жабдықталған, бұл оған жолда да, ауада да айналаны барлауға мүмкіндік береді.
Компания өкілдерінің айтуынша, HT Aero жерге жақын биіктікте ғана ұша алады. Салонда рульден басқа, ауада басқаруға арналған джойстикке ұқсас тұтқа бар. Ұшатын көліктің ұзындығы – 5,5 метр. Машина ауада сағатына 130 шақырымға дейінгі жылдамдықпен ұша алады, тек ұшу уақыты 30 минуттан аспауы керек.
Xpeng компаниясы 2024 жылға қарай осындай гибрид көліктерді көптеп шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа автокөлік шамамен 1 миллион юань тұрады, бұл дегеніміз – 66,5 млн теңге.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған