Елордада Абай атындағы тұрғын үй кешені бой көтерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Абай атындағы тұрғын үй кешені бой көтерді
ашық дереккөз

Тұрғын үй кешені Абай Құнанбаевты зерттеуші ғалым  және Абай мұражайының негізін қалаушы Қайым Мұхамедханов көшесінде орналасқан. Бұл көшеде жаңадан салынып жатқан жаңа жобалар көп. Алайда, Asyl Mura Abai кешені өзінің сәулет ерекшелігімен бірден көзге түседі. Талшықты цемент панельдері, лаймстоун және гранитпен үйлескен 16 қабатты, төрт блоктан тұратын кешен елорданың әдемі ғимараттарының бірегейіне айналары сөзсіз.

Жаңа үй – біздің өткен тарихымыз бен қазіргі заманғы озық технологияларымыздың үйлесімі іспеттес. Кешеннің ерекшеліктерінің бірі аула бетіндегі алып домбыраның бейнесі. Күркелер өзіміздің киіз үйге ұқсайды. Әр кіреберісте Абайдың Қара сөздері мен портреттері орналасқан. Үйде компанияның ең соңғы стандарттары, атап айтқанда, оңтүстік кореялық Daewoo мамандарымен бірлесіп құрылған Аcoustic Pro – шудан оқшаулау жүйесі қолданылды. Электрондық құлыптар үйіңізді қорғап қана қоймай, сонымен қатар бірқатар басқа міндеттерді де атқарады. Мысалы, үйіңізге кенеттен қонақ келіп, ал сіз жұмыста болсаңыз, үйге келіп жүрудің орнына электронды кодты айтсаңыз жеткілікті. Сонымен қатар, жабық аула және күзет тәулік бойы жұмыс істейді.