00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

YouTube енді вакцина жайлы жалған ақпарат тарататын контентті өшіреді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
YouTube енді вакцина жайлы жалған ақпарат тарататын контентті өшіреді
ашық дереккөз

Мәселен, сейсенбі күні YouTube коронавирус туралы жалған ақпарат таратып, өзге арнаны пайдалану арқылы шектеулерді айналып өткісі келген екі неміс арнасын өшірді. 

“Құқықтарды уақытша тоқтату кезінде арнаның иелері өзге арнаны пайдаланып, шектеулерді айналып өткісі келді. Нәтижесінде екі арна да YouTube желісін пайдалану шарттарын бұзғаны үшін жабылды”, – дейді компания қызметкерлері. 

Айта кетейік, аталмыш арналар қайта қалпына келтірілмейді. 

YouTube-тің жаңа ішкі ережелеріне сәйкес, желіде вакцина туралы жеке хикаяларды, әртүрлі вакциналау ережелері жайлы талқылауларды, тіпті, вакциналау бағдарламаларының сәтті іске аспағаны туралы тарихи фактілерге сілтемелерді де орналастыра алады. Тек жалғыз шарт – әлгі видеолар жалған ақпаратқа негізделіп, адамдарды екпе алудан бас тартуға итермелемеуі керек.

Ал вакцина қатерлі ісік тудырады, бедеулікке әкеледі немесе екпе арқылы адамға микрочип салынады дген тұжырымдары бар бейнероликтер желіден бірден өшіріледі.