Тым жайлы өмір пандалардың көбеюіне кедергі келтіреді – зерттеу
15 тамыз, 2024


ашық дереккөз
Зерттеуге сүйенсек, пандалар тым жайлы ортада, дәлірек айтсақ, адамдардан алыс, бамбукті орманның қоңырсалқын жерлерінде өмір сүру кезінде өзге аумаққа көшуден бас тартып, соның салдарынан өзге пандалар тобымен кездеспейді. Осылайша олардың серік табу ықтималдығы төмендейді.
Ғалымдардың пікірінше, пандалар көбейіп, ұрпақ өрбітуі үшін оларға сәл-пәл қолайсыздау ортада өмір сүру керек. Нақтырақ айтсақ, бұл мақұлықтардың мекен ету ортасы мінсіз ортадан 20%-ға нашарлау болғаны абзал. Мұндай жағдайда жануарлар өзіне жақсырақ жер іздеп, көше бастайды да, соның барысында өзге пандалар тобымен кездеседі. Ал бұл – олардың көбею ықтималдығы да артады деген сөз.
Ұқсас жаңалықтар